Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция өзге өңірден келген азаматтардан 1,5 келіден астам «синтетика» тәркіледі

СҚО-да полиция өзге өңірден келген азаматтардан 1,5 келіден астам «синтетика» тәркіледі
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер Түркістан облысынан келген ағайынды азаматтарды ұстау кезінде 1,5 келіден астам «синтетика» тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен, полицияның арнайы жасағының және 6637 әскери бөлімінің жауынгерлерімен бірлесіп, Түркістан облысының екі тумасын ұстады. Олар есірткі сататын интернет-дүкендердің бірінде буып-түюші болып жұмыс істеді деген күдікке ілінді.

Жас жігіттер – 20 және 22 жастағы ағалы-інілілер. Жеке тінту кезінде олардан ішінде ұнтақ тәрізді зат бар 55 түйіншек тәркіленді. Күдіктілер пайдаланған жалдамалы пәтерден тәртіп сақшылары ұқсас заттар мен есірткіні өлшеуге, буып-түюге арналған құрылғыларды тапты. Сонымен қатар ағайындылардың бірі көрсеткен орындардан полицейлер осындай түйіншектер салынған пакет пен жолқапшық тәркіледі.

– Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 келіге жуық грамды құраған α-PvP және мефедрон есірткі екенін көрсетті. Бұл СҚО-да тәркіленген ең ірі партиялардың бірі. Есірткіні аса ірі мөлшерде сатпақшы болған күдіктілер қамауға алынды. Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді