Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Астанада ең үлгілі аулалар анықталды

«Таза Қазақстан»: Астанада ең үлгілі аулалар анықталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Қаладағы әр аудан бойынша ең үлгілі аулалар таңдалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауды елордалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп, тәуелсіз демеушілердің қолдауымен ұйымдастырды. Мақсат – аулаларының тазалығы мен абаттандырылуына үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарды ынталандыру және қала ортасына жауапкершілікпен қарауды дәріптеу.Марапаттауды Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік жүргізді.Жеңімпаздарға алғыс хаттар, шаруашылыққа қажетті материалдар алуға арналған ақшалай сертификаттар, сондай-ақ кәсіпкерлер сыйға тартқан мобильді телефондар табысталды.

Елордада үздік деп танылған МИБ мен ПИК төрағалары да марапатталды.Әр аудан бойынша жеңімпаздар төмендегідей:Есіл ауданы – Достық көшесі, 5/2, МИБ «Северное сияние»Сарыарқа ауданы – Бөгенбай батыр даңғылы, 34, ПИК (К) «Бриз»Сарайшык ауданы – Қалдаяқов көшесі, 23А, МИБ «Қалдаяқов, 23А»Алматы ауданы – Іле көшесі, 30/2, «Ависа Сервис» ЖШСНұра ауданы – Нәрікбаев көшесі, 22, ОСИ «Копенгаген»Байқоңыр ауданы – Рамазан көшесі, 33, «Юбилейный 2009» МИБ«Копенгаген» тұрғын үй кешенінің төрайымы Алма Сәлімбаева бұл жетістікке жылдар бойы жүйелі еңбектің арқасында қол жеткізілгенін атап өтті:

«Біз бес жыл бойы ауланы жақсартуға күш салып келдік. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көрудеміз – ауламызда көптен бері армандаған сквердің құрылысы басталды. Жасыл желек отырғыздық, тәртіпті қадағаладық, сапалы сервистік компаниямен жұмыс істедік. Бәрін тұрғындарымыз үшін жасадық. Жеңімпаздарды бірнеше ай бойы қадағалап, тексеріп барып таңдады. Сондықтан біздің ауланың үздік танылуы – әділ шешім. Ортақ еңбегімізбен жеткен жетістікке мақтанамыз», – деді ол.

«Таза Қазақстан» акциясына шағын бизнес өкілдері де белсенді атсалысты. Мәселен, «Нұра» ауданында Tvoi comfort мобильді техника дүкенін ашқан кәсіпкер Махаббат Теңлесбаева байқауға қолдау білдіру бастамасын көтерді.

«Бүгін елордадағы ең үздік аулаларды марапаттау шарасы өтіп жатыр. Біз бұл бастаманы қолдауды жөн көріп, өз үлесімізді қосқымыз келді. Дүкеніміздің ашылуына орай және «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында әр жеңімпазға атынан мобильді телефон сыйладық. Бұл – тазалық пен экологияға үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтуымыз әрі Президент бастамасын қолдауымыз. Қолымыздан келгенше халыққа қолжетімді әрі сапалы телефондар ұсынуға тырысамыз. Осындай шараның бір бөлігі болғанымызға қуанып отырмыз, сенім артқандарыңызға рақмет», – деді ол.

Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Мәлік байқаудың мән-маңызына тоқталып өтті:

«Үздік аула» байқауы – қала ортасын жақсарту және тұрғындарды ауданның дамуына тарту бағытындағы үлкен жұмыстың бір бөлігі. Мұндай бастамалар тек абаттандыруды ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Бұл жобаны келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті