Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қайтарылған активтер қаражатының 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды

Қайтарылған активтер қаражатының 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қордан Батыс Қазақстан облысында сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 11 жобаны жүзеге асыруға 5,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4,3 млрд теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі сомасы 9 нысанға бөлінетін болады. 

1,8 млрд теңге 1,7 мыңнан астам тұрғыны бар Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс елді мекендеріне жаңа тармақ салу арқылы сумен жабдықтаудың магистралды жүйелерін салуға,

2,5 млрд теңге Теректі, Қаратөбе аудандарының 8 ауылында, сондай-ақ Бәйтерек ауданында сумен жабдықтау желілерін салуға бағытталды.

Сондай-ақ бұрын Бәйтерек ауданы Кирсанов ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және Жәнібек ауданындағы Урдин топтық су құбырын қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге бағытталады. Бүгінгі таңда жұмыс 60% орындалды.

Аталған жұмыс Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша Батыс Қазақстан облысындағы ағымдағы қолжетімділік деңгейі қалаларда 100%-ды, ал ауылдық елді мекендерде 97%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны салуға 375 млрд теңге бағытталды. Мектептер, ауруханалар, спорт кешендері, сумен жабдықтау нысандары және басқа да нысандар салынуда. Қазірдің өзінде 44 нысан аяқталып, ел игілігіне берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады