Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

JOLTAP жобасы астаналықтарға маркетплейс дағдыларын меңгеруге көмегін тигізді

JOLTAP жобасы астаналықтарға маркетплейс дағдыларын меңгеруге көмегін тигізді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қысқа мерзімде меңгеріп, табыс табуға мүмкіндік беретін JOLTAP әлеуметтік жобасы табысты іске асырылып келеді. Жобаның ең өзекті бағыттарының бірі – маркетплейстермен жұмыс істеуді оқыту. Курсты аяқтаған астаналық Виктория Царикова әсерімен бөлісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

JOLTAP бағдарламасы Wildberries платформасында сатумен айналысатын мамандарды даярлауға арналған оқу курсын әзірлеп, жүзеге асырып жатыр. Курс теория мен практикаға негізделіп, қатысушыларға маркетплейстің жұмыс ерекшеліктеріне тез бой үйретуге көмектеседі.Курс түлегі Виктория Царикова бұған дейін Wildberries-те қарапайым сатып алушы болғанын, кейін платформаның ішкі механизмі қызықтырғанын айтты.

«Маркетплейстің ішкі жұмысы ылғи да қызықтыратын. JOLTAP курсы білімімді жүйелеп, тауарды орналастырудан бастап, оны ілгерілету мен сатуға дейінгі барлық кезеңдерді нақты түсінуге көмектесті», – дейді ол.

Виктория үшін бұл оқу пайдалы ғана емес, ерекше шабыт берген тәжірибе болған көрінеді.

«Материал өте қолжетімді түрде берілді, оқытушылар жайлы орта қалыптастырды. Бұл электронды коммерцияда жолын енді бастағандар үшін аса маңызды», — деп атап өтті ол.

Бүгінде ол алған білімін іс жүзінде қолданып жүр: биылғы сәуірден бастап оның тауары Мәскеудегі Wildberries қоймаларына қойылған. Өнімді ілгерілету процесі енді басталғанымен, ол перспективасына сенімді және бизнесін белсенді дамытып келеді.Қатысушылар JOLTAP курсының басты артықшылықтарының бірі ретінде мазмұнды бағдарламамен қатар, оқытушылар мен жоба командасының сапалы қолдауын атайды. Тәжірибелі мамандар кең көлемдегі ақпаратта адаспауға көмектесіп, сұрақтарға жауап береді және туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.Виктория Царикова курстан өтуді ойлап жүргендерге уақыт созбауды кеңес етеді:

«Қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмаңыздар, платформаны тереңірек зерттеңіздер, дамуға барлық мүмкіндікті пайдаланыңыздар. JOLTAP іргетасын қалауға көмектеседі, ал қалғаны – сіздің қолыңызда», — дейді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті