Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық студент JOLTAP жобасы арқылы сайт әзірлеуді меңгергенін айтты

Елордалық студент JOLTAP жобасы арқылы сайт әзірлеуді меңгергенін айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада тұрғындардың кәсіби дамуына және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылардың бір тобы техникалық мамандықтарды меңгеріп жатса, өзгелері заманауи цифрлық бағытты таңдап жатыр. Олардың бірі – елордалық студент Далер Жанбаев. Ол Астана Халықаралық университетінде «Сәулет және дизайн» мамандығы бойынша білім алып жатыр.

«Бұл жоба туралы алғаш рет әлеуметтік желідегі жарнама арқылы білдім. Содан кейін «веб-дизайн» курсына жазылдым. Себебі бұл сала арқылы дизайнның басқа қырларын тереңірек меңгеріп, теориялық және практикалық білімімді жетілдіргім келді», - дейді Далер Жанбаев.

Елордалық студенттің айтуынша, 12 күнге созылған курс қажетті техникамен және құралдармен жабдықталған заманауи кабинетте өткен.

«Сабақтар өте қолайлы, техникалық жағынан толық жабдықталған кабинетте өтті. Оқытушылар үлкен экран арқылы көрнекі құралдарды пайдаланып, барлық материалды жақсы түсіндірді. Біз Tilda платформасында, сол сияқты интерфейспен жұмыс істеуді үйрендік. Курс соңында жеке портфолио жасадық. Жалпы бұл жоба мен ойлағаннан да жоғары деңгейде өтті», - дейді ол.

Жас дизайнер алдағы уақытта «Графикалық дизайн» және «SMM» курстарына қатысып, цифрлық салалардағы білімін кеңейтуді жоспарлап отыр.Айта кетейік, JOLTAP жобасы аясындағы қысқамерзімді оқыту бағдарламасы 18-50 жас аралығындағы Астана тұрғындары үшін тегін түрде қолжетімді. Оқудан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Ал түлектердің кандидатуралары JUMYSTAP.KZ атты жұмыс және қызметкерлерді іздеуге арналған сайтта тегін жарнамаланатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті