Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында тұңғыш рет Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды

Жамбыл облысында тұңғыш рет Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында алғаш рет ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие «Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» құрылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама өңірдің бай табиғи мұрасын сақтауға, экологиялық тепе-теңдікті қорғауға және экотуризмді дамытуға  зор серпін бермек.  Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылды.  Жаңа табиғи парк аумағы таулы және тау етегіндегі аймақтарды қамтып, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғауға бағытталған.Оның жалпы аумағы 86 632 гектарды құрайды.  Парктің биологиялық әртүрлілігі ерекше бай: мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енген қар барысы, арқар, үнді жайрасы, қызыл қасқыр және Түркістан сілеусіні мекендейді. Соңғы жүргізілген санақ нәтижелері бойынша парк аумағында 8 қар барысы, 120 арқар, 20 үнді жайрасы және 22 сілеусін тіркелген.

Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі – табиғатты қорғау шараларын жүйелеумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, экологиялық ағартушылықты арттыруға және тұрғындар мен қонақтар үшін экотуризмді дамытуға мүмкіндік береді. Ол үшін тауға шығу, жаяу және атпен серуендеу, құстарды бақылау сияқты экотуристік бағыттар қарастырылуда. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, парк аумағында туристік соқпақтар, танымдық бағыттар мен демалыс аймақтары кезең-кезеңімен қалыптастырылып, табиғатты қорғау талаптары қатаң сақталатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті