Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: 7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталды

ІІМ: 7 ай ішінде 20 мың есірткі сайты бұғатталды
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша  жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Биыл жеті айда есірткіге қатысты 4655 құқықбұзушылық анықталды, олардың 2100-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Есірткі жасырушылардан бастап есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға дейінгі қылмыстық схемалар ашылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде үш трансұлттық қылмыстық топ жойылды. 12 басшы мен 48 белсенді қатысушы ұсталды. Халықаралық серіктестік аясында Ресей Федерациясымен бірлесіп, өткен жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол ел аумағында синтетикалық есірткі өндіру бойынша бірнеше есірткі зертханасының жұмысын ұйымдастырған. Ағымдағы жылы 11 тоннадан астам есірткінің айналымға түсуіне жол берілмеді. Сонымен бірге синтетикалық есірткінің тәркіленген көлемі үш есеге артып, бір тоннадан асты. Есірткі өсірудің 322 фактісі және 76 контрабанда дерегі анықталды. Жаңа цифрлық шешімдердің арқасында жастар арасында танымал есірткі сайттарының бұғатталуы үш есеге артты. Олардың саны 20 мың. Шоттарында 2,5 миллиард теңге жинақталған күдікті операциялармен байланысты 38 мың банк картасы бұғатталды. 102 есірткі зертханасы жойылды: олардың 11 синтетика өндіру бойынша, 91 фитозертхана. Есірткі бизнесіне 110 млн АҚШ доллары көлемінде шығын келтірілді. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысы қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Marcia
  • 10-07-2026, 14:47
  • : 14:47
References: Legiano Casino Codes https://board-pl.seafight.com:443/proxy.php?link=https://bmp.pw/hildred62o0742
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді