Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

EXPO-2025: ғаламдық көрмеде Астананың туристік әлеуеті танылды

EXPO-2025: ғаламдық көрмеде Астананың туристік әлеуеті танылды

Дүниежүзілік EXPO-2025 көрмесіндегі 10 тамыз күні Осака қаласындағы басты символ – киіз үй болды. Бұл көшпелі халықтың баспанасы, отбасы және тұрмыс-тіршілігінің бейнесі. Қазақстан күндері аясында Астана әкімдігі қаланың туристік әлеуетін таныстырып, оның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуды және танымалдығын арттыруды мақсат етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз киіз үйді толықтай, дала өмірінің дәстүрлерін, эстетикасы мен философиясын сіңірген тірі кеңістік ретінде әкелдік», – деп атап өтті Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов.

EXPO үшін арнайы жасалған бірегей арт-объектілер:

«Шаңырақ» кинетикалық инсталляциясы – ішкі тіректің символы. Қозғалмайтын орталық және оның айналасында тербелетін шеңберлер өзгермелі әлемдегі тепе-теңдік пен тұрақтылықты білдіреді.

«Дастархан» – ағаштан ойылған инсталляция, ондағы айналатын шеңберлер өмір ағашын бейнелейтін өрнек құрайды. Бұл қонақжайлықтың, диалогтың және ұрпақтар бірлігінің бейнесі. Авторы – Ануар Шаймерденов.

«Қарлығаш ұясы» – әйел күші мен қамқорлығы жайында. Ұшып бара жатқан қарлығаштар, ұя және ортасындағы шаңырақ естелік, сабақтастық және шексіз қозғалыстың метафорасын көрсетеді.

Күн ішінде суретші Ринат Әбдірахмановтың туған шаңырағының тақтайларынан жиналған «Естелік осі» мүсінімен арт-перформанс өтті. Нысан дәстүр мен цифрлық болашақ арасындағы өсу нүктесі ретінде бейнеленеді.

Dala бренді Samal топтамасын ұсынды. Бұл – қазақ эстетикасының заманауи интерпретациясы. Жеңіл пішіндер, табиғи маталар және даланың табиғи түстері мәдениетті стиль мен пішін арқылы күнделікті өмірдің бөлігіне айналдырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті