Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің беделді көшбасшылығының арқасында Өзбекстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық салада елеулі жетістікке жеткенін атап өтті. Әңгімелесу барысында екі ел арасында сенімге, тату көршілік байланыстарға әрі өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқанына назар аударылды. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ғылым-білім саласындағы серіктестік нығайып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік кооперацияның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, екіжақты форматта және халықаралық іс-шаралар аясында жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін қарастырды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады