Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы елімізге не берді?

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы елімізге не берді?
Фото: gov.kz

2024 жылы Қытайда өткен Қазақстан туризмі жылы еліміздің туристік әлеуетін кеңінен танытуға жол ашты. Былтыр Қытайдан келген туристер легі 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға артып, 367 мыңнан 655 мың адамға жетті. Туристік қызметтер экспорты 300 млн АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Туризм жылы аясында Қытайдың түрлі қалаларында 37-ден астам имидждік іс-шара ұйымдастырылып, жетекші туристік компаниялармен 200-ден аса келісім жасалды. Іскерлік және мәдени миссиялар екі ел арасындағы туристік және мәдени алмасуды дамытуға, Қазақстанның тартымды туристік бағыт ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етті.

eQonaq ақпараттық жүйесінің деректері бойынша, Қытайдан келген қонақтар көбіне Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарына жиі барған.

Қытайдың ірі қалаларында өткен Қазақстан өңірлерінің туризм күндері, театр ұжымдарының гастрольдері мен көрмелер қытайлық көрерменге еліміздің мәдениетімен, дәстүрімен, музыкасы және гастрономиясымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қазақстан COTTM, ITB China, ITE Hong Kong сынды жетекші халықаралық туристік көрмелерге қатысып, Қытайдың ірі туроператорларымен 50-ден астам жаңа әріптестік орнатты.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы тек туристер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, екі ел арасындағы туризм саласындағы серіктестікті де нығайтты. Қытай аудиториясы еліміздің мәдениеті мен табиғатына үлкен қызығушылық танытып, келу туризмінің тұрақты өсуіне негіз қаланды. Бұл бастама биыл да өз жалғасын тапты: 2025 жыл Қазақстанда Қытай туризмі жылы болып жарияланды. Осылайша, қос мемлекет ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, өзара туристік алмасуды дамытуды жалғастыра береді.

Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрлігі бірқатар маңызды бастама ұсынды. Олар екіжақты серіктестікті кеңейтуге және туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Атап айтқанда, Қазақстанда Қытай туристеріне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін Welcome Chinese бағдарламасын енгізу. Бағдарлама қонақ үйлердің, туристік компаниялар мен нысандардың Қытайдан келетін қонақтардың қажеттілігіне бейімделуге көмектеседі. Бұдан бөлек, туризм, спорт және мәдениетті тоғыстыратын бірегей шекаралық марафон ұйымдастыру және туристік жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқырлықты арттыру арқылы білім мен тәжірибе алмасу ұсынылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады