Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның теңіз порттары жылына 23,7 млн тонна жүк өткізе алады

Украинаның айналасындағы жағдайға және соған байланысты туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жүргізілген келіссөздердің қорытындысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ 50 мың тоннаға жуық металл өнімін Ақтау портына қайта бағдарлап, әрі қарай Әзербайжан мен Грузия арқылы жөнелтуге дайын екенін білдірді.

Қазақстан теңіз порттарының жалпы өткізу қабілеті жылына 23,7 млн тоннаны құрайды. Атап айтқанда:

– Ақтау порты – 14,7 млн тонна (мұнай – 9,5 млн, құрғақ жүктер - 2,5 млн, астық – 0,7 млн, паромдық жүктер - 2 млн тонна);

- Құрық порты - 6 млн тонна (теміржол терминалы - 4 млн, автотерминал – 2 млн);

- Ақтау солтүстік теңіз терминалы - 3 млн тонна (құрғақ жүктер мен астық 1,5 млн тоннадан) жүк өткізе алады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта еліміздің теңіз порттарына 18 млн тоннаға дейін жүкті қайта бағдарлауға болады.

Қазақстан порттарында, сондай-ақ, бір уақытта жүктердің белгілі бір көлемін сақтауға болады. Оның ішінде:

- Ақтау порты - 2,5 мың контейнер, 25 мың тонна астық, 220 мың бас жүк;

- Құрық порты - 250 жүк көлігін;

- Ақтау солтүстік теңіз терминалы - 6 мың контейнер, 60 мың тонна астық, 170 мың тонна басты жүкті (орамада тасымалданатын жеке жүктер мен тауарлар) сақтай алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті