Қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Дубайдан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласын қайтарды.
"Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейін Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған. Күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.