Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді

Шымкент: мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Арбат демалыс аймағында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Аталған түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында қаламыздың жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары -  «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды.

Шымкент қаласы Еңбек мобильділігі орталығының мәліметіне сәйкес 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында субсидияланатын жұмыс орындары бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасымен – 596 жас, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы – 131 жас, «Күміс жас» жобасы бойынша – 352 адам, тұрақты жұмыс орындарына – 6016 азамат жолданды.

Сонымен бірге, жыл басынан бері мүгедектігі бар 67 азамат пен пробация есебінде тұрған 22 адам жұмысқа орналастырылған.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті