Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек үшінші мегаполисте еңбекпен қамту көрсеткіші біршама артқан. Ағымдағы жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған (41890 орын тұрақты, 7441 уақытша, 7850 кәсіби оқу). Бүгінгі таңға жалпы саны 66 мыңнан астам адам қамтылды.
Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінгі таңға 37936 адам қатысты немесе жоспар 113,2% ға асыра орындалды.
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту кіреді. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 8 мыңнан астам адам қамтылды.
452 азаматқа мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді. 272 азаматқа жастарға арналған жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша 2023 жылға 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылатыны жоспарланған.
Оның ішінде ұлттық жобалар бойынша 2 377 (1 376 уақытша, 1 001 тұрақты) жұмыс орыны, 21 043 орын жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары (жекеменшік есебінен іске қосылатын жеке меншік бала бақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, дәріхана, асхана және басқада қызмет көрсететін ұйымдар) (21 914 орын тұрақты).
Жыл басынан бері 28 283 орын ашылған (132,1%) (27 808 – тұрақты жұмыс орындары, 475 – уақытша жұмыс орындары). Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жыл басынан бері барлық облыс әкімдері Ұлттық жобалар, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бастамасы, мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары, жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындары және жұмыс күшінің ұтқырлығы бағдарламалары шеңберінде халықты жұмыспен қамтудың нақты шаралары бекітілгенін хабарлаған болатын.
Мәселен, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша және т.б. жұмыспен қамтылған азаматтардың 45%-ын жастар құрайды. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі 2 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды.
Еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындары арқылы 228 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Олардың 62%-ы ауыл және балық шаруашылығы, құрылыс және өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Тұрақты жұмысқа жіберілген азаматтардың 46%-ы – жастар.
ҚР Президентінің әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу жөніндегі бастамасы аясында 278 мыңнан астам азамат жұмысқа орналастырылды. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына шамамен 181 мың адам жіберілді. Сонымен қатар жастарға бизнес-жобаларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар беру үдерісі жалғасын тауып отыр.
20-12-2023, 11:46
Шымкент: екі қолға бір күрек тапқандар қатары артуда
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз