Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да 8 елдің дипломаттарының қатысуымен өңірдің инвестициялық әлеуеті форумы өтті

ШҚО-да 8 елдің дипломаттарының қатысуымен өңірдің инвестициялық әлеуеті форумы өтті
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен өңірдің инвестициялық әлеуетіне арналған таныстырылымдық форум өтті. Форумға Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Корея, Беларусь, Швеция және Бельгия секілді достас елдердің дипломатиялық корпус өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум модераторы ретінде ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов сөз сөйледі.

"Бұл елдердің дипломаттарының сапары – өзара тиімді әріптестікті нығайтуға және халықаралық экономикалық байланыстарды дамытуға деген ортақ ұмтылыстың айқын дәлелі. Форум дәстүрлі түрде мемлекеттік органдардың, бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіріп, әріптестік байланыстар орнатуға, инвестициялық бастамаларды талқылауға және перспективалы жобаларды таныстыруға тиімді алаң ұсынады. Сіздердің қатысуларыңыз форумға халықаралық сипат беріп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп сенеміз", – деді облыс әкімі.

Шығыс Қазақстан облысы – қуатты өнеркәсіптік, ғылыми және табиғи әлеуеті бар, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Өңірдің негізгі бағыты – тұрақты даму, технологиялық жаңғырту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Қазіргі таңда ынтымақтастық жоғары қосылған құны бар, жоғары технологиялық салаларды – қайта өңдеуден терең индустрияландыруға дейін – дамытуға бағытталған.
Облыс әкімі атап өткендей, табиғи ресурстарға бай Шығыс Қазақстан өнеркәсіппен қатар, туризмді де белсенді дамытып келеді және туристік саладағы жобаларға инвестиция тартуға мүдделі.

"Біз инвесторларды қолдауға ерекше көңіл бөлеміз: қолайлы әрі болжамды іскерлік орта қалыптастырып, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеміз, әр жобаға жекелей тәсіл ұсынамыз",– деді Нұрымбет Сақтағанов.

Форум аясында облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ержан Сембинов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ШҚО бойынша директоры Айгүл Қасымова, Швеция Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігінің сауда және саясат жөніндегі кеңесшісі Руслан Уразалинов, сондай-ақ Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик сөз сөйледі.
Форум туризм, спорт және мәдениет; ауыл шаруашылығы; өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағыттары бойынша панельдік сессиялармен жалғасты.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді және сіздердің елдеріңіздегі іскер топтар өкілдерін биылғы қыркүйек айында Өскемен қаласында өтетін «Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумына ресми түрде шақырамын. Бұл форум бүгінгі кездесудің жалғасы ретінде инвесторлармен диалог алаңы болмақ", – деді облыс әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді