Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы екі балабақша мемлекет меншігіне қайтарылады

Алматыдағы екі балабақша мемлекет меншігіне қайтарылады
Фото: pixabay.com

Алматының мемлекеттік активтер басқармасы бірнеше нысанды қаланың меншігіне қайтармақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқарма басшысының орынбасары Жантөре Айтжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2002 жылдан бастап 11 жекеменшік пен арнаулы орта білім беру мекемесіне, атап айтқанда «Ақ ниет», «Элко», «Лидер», «Арай», «Магистр», «Сенім», «Кәсіпкерлер мектебі», «Көгілдір желкен», «Теремок», «Айгерім» мен Алматы менеджмент және сервис колледжіне 10 балабақша мен бір комбинат ғимараты жалға берілген.

2020 жылдың мамыр айында қала басшылығы жеке ұйымдармен жасалған мүлікті жалға беру шарттарын кезең-кезеңімен бұзу туралы шешім қабылдаған. Ал 2023 жылдың маусым айында «Арай» мен «Сенім» мекемесіне нысандарды қайтару туралы ресми хабарлама жолданып, шілде айында арадағы жалға алу шарты бұзылғанымен, олар нысанды босатудан бас тартқан.

– Алматы қаласының Мемлекеттік активтер басқармасы Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, сот талапты қанағаттандырды. Соттың шешіміне қарамастан, «Арай» мен «Сенім» мекемесінің қызметкерлері бұл нысандарда әлі отыр. Алматыдағы Әділет департаментіне оларды мәжбүрлеп шығару материалы тапсырылды. «Арай» мекемесі ғимаратты 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін босатуды кейінге шегеруін сұрағанымен, 3 шілдеде өткен сот оған келіскен жоқ. Құқықтық рәсім аясында 2025 жылғы 14 пен 15 шілдеде Алматы қаласының Әділет департаменті жаңағы мекемелерді нысаннан шығара бастамақ, - деді Жантөре Айтжанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құны 2,6 млрд теңге болатын Баспалар үйі мемлекет меншігіне қайтарылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті