Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы басталған болатын, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда.

Атап айтсақ, 2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп, 2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп жобаға қатысты. 2025–2026 оқу жылында тағы 1600 ауыл мектебі қосылады деп жоспарлануда.

Жобаны іске асырудың нәтижесінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, заманауи пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды, сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету шешімін тапты.

Жобаның маңызды тұсының бірі - — онлайн оқыту. Оқушы мен мұғалім саны аз ауыл мектептерінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақтар өткізіледі.

«Кейбір ауыл мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр. Жаңа жобаның арқасында тірек мектептерінің ұстаздары шағын жинақты мектептегі оқушыларды онлайн оқытады, яғни әр пәннен өз ісінің білікті маманы дәріс береді. Бұл балалардың білім сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл мұғалімдерінің де кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева.

Сонымен қатар мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілуде: цифрлық сауаттылық курстары оқытылады, технологияларды қолдану мен оқу бағдарламаларын ауыл мектептеріне бейімдеу бойынша тренингтер өткізіледі. Бүгінге дейін 10-нан астам республикалық іс-шара ұйымдастырылған, бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті