Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да биыл 7 мектеп жабылады

СҚО-да биыл 7 мектеп жабылады
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысында бала санының жетіспеушілігіне байланысты биыл жеті бастауыш мектепті жабу жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 465 мектеп жұмыс істейді, оның 352-сі шағын жинақты. Биыл оқушы саны бесеуге жетпейтін 7 бастауыш мектепті жабу жоспарланған.

Соңғы 3 жылда өңірде желінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейтін 19 мектеп жабылды.

Оқушы жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қандас отбасыларының балалары және жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар есебінен ауыл мектептерінің контингентін ұлғайту бойынша жұмыс қолға алынған. Нәтижесінде биылғы жаңа оқу жылында облыстың білім беру ұйымдарында қоныс аударушылар отбасыларынан 820 бала және қандастар отбасыларынан 106 бала оқымақ.

Қазір СҚО-дағы 170 ауылда мектеп жоқ. Оларда 1480 оқушы тұрады. 127 ауылда тек бастауыш немесе негізгі мектептер жұмыс істейді. Осы ауылдарда тұратын балалар жақын маңдағы 143 мектепке арнайы көлікпен жеткізіледі.

Апта сайын 1003 оқушы мектеп жанындағы 50 интернатқа тасымалданады. Күн сайын мектептерге 1618 оқушы жеткізіледі.

Оқушыларды тасымалдауға 143 автокөлік бөлінген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді