Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданында «Коммуналдық қызметкерлер» гүлзары ашылды

Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданында «Коммуналдық қызметкерлер» гүлзары ашылды

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында, коммуналдық сала өкілдеріне құрмет көрсету және олардың күнделікті еңбегіне алғыс білдіру мақсатында елордалық «Байқоңыр» ауданында Абай даңғылы бойында жаңа қоғамдық кеңістік – «Коммуналдық қызметкерлер» гүлзары ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Жалпы ауданы 10 700 шаршы метрді құрайтын гүлзар Жұбанов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аумақты қамтиды. Абаттандыру жұмыстары аясында 3 500 шаршы метр аумақта кеспетастар және 2000 шаршы метр асфальт жабыны төселді. Бұдан бөлек, 100 көлікке арналған автотұрақ орны жайластырылды.

Ашылу салтанатына Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат қатысып, коммуналдық сала қызметкерлерін құттықтады:

-Бұл стелла 2018 жылы Астананың 20 жылдығына, «Астана су арнасы»  кәсіпорынының 60 жылдығына салынған еді, бүгін міне орнын тауып отыр. Бұл тек демалыс орны емес, бұл коммуналдық салада еңбек еткен ардагерлер мен қазір жұмыс жасып жатқан қызметкерлерге үлкен алғыстың белгісі, - деді ол. 

Сонымен қатар, кешенді абаттандыру барысында балалар мен ересектерге арналған ойын және спорт алаңдары жабдықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы мақсатында ауқымды жарықтандыру жұмыстары - 33 саябақ шамы, 4 кіші архитектуралық форма, 1 воркаут алаңы және 7 жаттығу құрылғысы және дала жиhаздары орнатылды.

Салтнатты шарада сөз алған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Кенжебайұлы   коммуналдық сала мамандарының еңбегін ерекше атап өтті:

-Бүгін коммуналдық қызметкерлерге арналған гүлзар ашылып жатыр. «Астана су арнасы» кәсіпорнында қазір 2000-нан астам қызметккер жұмыс істейді, олар қаланы сумен қамтамасыз етіп жатыр. Құрметті әріптестер, еңбектеріңіз жемісті болсын, - деді Ерсін Кенжебайұлы. 

Мерекелік жиын барысында «Астана су арнасы» коммуналдық кәсіпорнында  ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер мен белсенді қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды. Солардың бірі - Қалымтай Казыбаев, ол бұл салада 14 жыл істеп, зейнетке шыққан.

-Мен энергетикалық және коммуналдық мекемелерінде көп жыл жұмыс істедім, басқардым. "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі" атағын алғанмын. Бүгін стелла қоғамдық жерлерде күні-түні жұмыс істейтін қызметкерлердің құрметіне ашылып жатыр, оларға алғысымды білдіремін, - деді Қалымтай Казыбаев. 

Гүлзар аумағында көлемі 6000 шаршы метрді құрайтын жаңа көгалдар төселіп, суаруды толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін жергілікті суару жүйесі іске қосылды. Жүйе 20 000 шаршы метр жасыл алқапты қамтиды. Сондай-ақ, ағаштардың эстетикалық келбеті мен өсіп-жетілуіне жағдай жасау мақсатында 210 ағаштың штамбы көтерілді.

Жаңа гүлзар тұрғындардың жайлы демалысы мен серуендеуі үшін қолайлы орта қалыптастырып, қалалық инфрақұрылымды одан әрі жақсарта түсті.  Ашылу салтанаты аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті