Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанадағы саябақта «Заң және тәртіп» атты фотокөрме өтіп жатыр

Астанадағы саябақта «Заң және тәртіп» атты фотокөрме өтіп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астананың орталық саябағындағы «Атырау» көпірінің жанында «Заң және тәртіп» атты ерекше фотокөрме ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрмеде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті еңбегіне арналған ондаған фотосурет қойылған. Экспозицияны ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасын нығайту, құқық бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау. 

Көрменің салтанатты ашылуына ерекше реңк берген – ҚР ІІМ Ұлттық ұланының үрмелі оркестрі орындаған музыкалық композициялар.Көрмеге қойылған фотосуреттердің басым бөлігі – ІІМ сәуір айында жариялаған фотобайқау нәтижесінде жиналған жұмыс. Байқауға еліміздің әр өңірінен шамамен 100 фотосурет келіп түсті. Әр сурет – учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, құтқарушылар мен қызметтік иттердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар. Олар күн сайын заңдылық пен қауіпсіздік күзетінде тұр.Фотосуреттерде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің жұмыс барысы бейнеленген: тасқын салдарын жою, орман өртін сөндіру, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қадағалау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әсіресе балаларды қорғау мен алдын алу шараларына ерекше мән берілген, яғни аулалардағы қауіпсіздік пен білім ордаларындағы іс-шаралар көрініс тапқан.

«Полицияның жұмысы – тек қылмыскерлерді ұстау емес. Олар – төтенше жағдайдағы көмек, тыныштықты күзету, адамдардың өмірін сақтау. Біз осының бәрін камера объективі арқылы көрсеткіміз келді. Көрмеге азаматтардың қызығушылығы күткенімізден де асып түсті. Біз мұнда екі сағаттан астам уақыт болдық, осы аралықта адамдар легі бір сәтке де тоқтаған жоқ. Бұл тақырыптың жұртқа жақын екені байқалады. Адамдар тоқтап, сұрақтарын қойып, эмоцияларын бөлісіп жатыр», — деді ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаменті басшысының орынбасары Динара Сағандықова.

Көрмеге келгендер арасында туристер де болды. Олар бұл шараға кездейсоқ тап болған.

«Біз Омбыдан келдік, қаланы аралап жүріп, музыка үнін естіп қалдық. Жақын келсек, осындай керемет көрмеге тап болдық, таңғалдық. Фотосуреттер, оркестр, жалпы атмосфера – бәрі ерекше әсер қалдырды. Мұндай шараны көргенімізге өте қуаныштымыз», – деді шара қонақтары.

Фотокөрме күн соңына дейін жалғасады және ниет білдірушілер емін-еркін көре алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті