Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Заң және Тәртіп: шетелге стратегиялық шикізатты шығарудың қылмыстық схемасы әшкереленді

Заң және Тәртіп: шетелге стратегиялық шикізатты шығарудың қылмыстық схемасы әшкереленді
Фото: Polisia.kz

“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі стратегиялық шикізатты шетелге заңсыз шығару бойынша көлеңкелі схемаларға қарсы күресті жалғастыруда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Металл сынығының кейбір түрлерін экспорттауға қолданыстағы мораторийге қарамастан, оларды шекарадан контрабандалық жолмен шығаруға әрекеттер жасалып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Жетісу облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген компанияның заңсыз қызметінің жолын кесті. Аталған компания түсті металдарды заңсыз қабылдап, өңдеуді ұйымдастырып, ілеспе құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы оларды бірнеше рет ел аумағынан тысқары шығаруға тырысқан.

Кәсіпорын аумағында жүргізілген тінту шаралары барысында шетелге жөнелтуге дайындалған 600 тоннадан астам қорғасын және 100 тоннадан астам алюминий құймалары, сондай-ақ түсті металл сынығы тәркіленді. Металл балқытуға арналған жасырын цех пен оның құрамын алдын ала зерттеуге арналған зертхана жойылды. Бұдан бөлек, нысан аумағында заңсыз еңбек еткен, көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азаматтар ұсталып, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық схеманың түпкі бенефициарлары анықталуда. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті