Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды
Фото: Polisia.kz

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 маусым күні кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады. Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Нәтижесінде келесі әкімшілік хаттамалар толтырылды:

- ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша — 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);

- 590-баптың 5-бөлігі бойынша — 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);

- 593-баптың 3-бөлігі бойынша — 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);

- 595-баптың 1-бөлігі бойынша — 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);

- 590-баптың 2-бөлігі бойынша — 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті барлық жүргізушілер мен азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көңілді костюмдер мен шеру — жолда тәртіпсіздік жасауға негіз емес. Жол қауіпсіздігі — бәріміздің ортақ міндетіміз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді