Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жол ережесін елемеген шетелдік жүргізушіге 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Алматыда жол ережесін елемеген шетелдік жүргізушіге 25 әкімшілік хаттама толтырылды
Фото: Polisia.kz

Алматыда полицейлер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде қала аумағында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған азаматтық анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ЖҚЕ бұзғаг жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол – BMW автокөлігін мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарған 19 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы болып шықты. Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әртүрлі баптары бойынша барлығы 25 әкімшілік хаттама толтырылды. Атап айтқанда: 590-баптың 10-бөлігі бойынша – 7 хаттама (Көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару); 230-баптың 2-бөлігі бойынша – 7 хаттама (Сақтандыру полисінің болмауы); 630-баптың 2-бөлігі бойынша – 6 хаттама (Жол төсемінің зақымдануы); 630-баптың 1/1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Құқық бұзушылықтың қайталануы); 601-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Жол белгілерінің талаптарын бұзу); 601-баптың 2-бөлігі бойынша – 2 хаттама (Құқық бұзушылықтың қайталануы); 434-баптың 1-бөлігі бойынша – 1 хаттама (Ұсақ бұзақылық). Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты.

— Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат, азаматтығына қарамастан, еліміздің заңнамасын сақтауға міндетті. Жол қозғалысы қауіпсіздігі – бұл жеке таңдау емес, әрбір адамның азаматтық жауапкершілігі. Құқық бұзушылар жедел анықталып, жауапқа тартылатын болады. Бұл – жазасыздық болмайтынын көрсететін мысал. Алматы полициясы мұндай деректерді әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы анықтау жұмыстарын жалғастыра береді, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді