Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды
Фото: Polisia.kz

Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар балалардың өміріне елеулі қауіп төндірген. Жедел түрде жүргізілген тексеру нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалары анықталды. Олар 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шықты. Барлық бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Балалардың ата-аналарына қатысты бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мектепішілік есепке алынатын болады. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын бақылауда ұстаудың және оларды жолдағы қауіп-қатерден сақтандырудың маңыздылығын еске салады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді