Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Лос-Анжелесте жүрген ел азаматтары эвакуацияланады ма - СІМ жауабы

Лос-Анжелесте жүрген ел азаматтары эвакуацияланады ма - СІМ жауабы
Фото: X/@Comrade_Dawar

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 9 маусымда ведомствода өткен брифинг барысында Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистер қазақстандықтарды қаладан эвакуацияланатын-эвакуацияланбайтынын білуге тырысты. 

"Бұл - эвакуация синдромы... Қанша мәселе туындайтынын білесіздер ме? Егер шетелдегі азаматымызға бірдеңе болса немесе болып жатса, біздің елшілік, біздің дипломаттар оған міндетті түрде көмектеседі. Лос-Анджелес жағдайына қатысты: ол арада ешқандай әскери іс-қимылдар жоқ, әуежайлар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Неліктен біреуді эвакуациялау керек? Айтыңызшы? Біздің азаматтардан өтініш келіп түскен жоқ, ешкім шағымданған жоқ. АҚШ-та интернет пен теледидар жақсы жұмыс істеп тұр. Барлық азаматтар онда не болып жатқанын көріп-біле алады. Біз бала күтушісі емеспіз: "Әр азаматқа "әйт, бүйт, мынаны істеме, ана істе" дейтін, – деді Айбек Смадияров.

Ол қазақстандықтардан қалаға барар алдында қайда бара жатқанын және оның қаншалықты қауіпсіз екенін тексеріп алуға кеңес береді. 

"Адам, ең алдымен, өзі туралы ойлауы керек. Сондықтан біз ешкімді эвакуацияламаймыз және ондай жоспарымыз да жоқ", - деп атап өтті Айбек Смадияров.
Жалпы, Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының ресми өкілінің айтуынша, заңсыз мигранттар мәселесі заңнан тыс.
"Егер адам ол жерге заңсыз барса, демек ол заңды бұзды. Неліктен Қазақстан Үкіметі оны эвакуациялауы керек? Немесе сол елдің заңдарын бұзғаны үшін Америка билігінің алдында неге қорғау керек? Сондықтан Америка үкіметі өз елінде заңсыз жүрген барлық азаматты кері қайтаруға құқылы. Біздің елімізде де күн сайын осылай жасалады. Егер адам заңды түрде барса, құжаттарын көрсетіп, сол жерде еш алаңсыз тұра береді. Егер заңсыз болса, онда кінә өзіңнен, жазаға дайын бол, үйге қайт немесе басқа елге ұшу керек болады", – деп сөзін түйіндеді Айбек Смадияров.

Калифорнияда жаппай наразылықтар басталды. Оған полицияның заңсыз мигранттарға рейд жүргізуі түрткі болған.

2025 жылдың 8 маусымында АҚШ президенті Дональд Трамп Лос-Анджелестегі жаппай наразылықтарды басуға көмектесу үшін Ұлттық гвардияның 2 мың жауынгерін жіберу туралы бұйрыққа қол қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады