Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тайландта 2 қазақстандық суға батып кетті

Тайландта 2 қазақстандық суға батып кетті
Фото: pixabay.com

Тайландта суға батып кеткен Қазақстанның 2 азаматының мүрдесін елге жеткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Өкінішке орай кеше кешкісін азаматымыз қайтыс болды, жүрегі тоқтап қалды. Әрине, үміт болды. Жас ағза болғандықтан барлығын жасадық. Тай дәрігерлерімен кеше сөйлестік. Осыдан екі күн бір әке-шешісі Пхукетке ұшып барды. Консул олардың жанында, бірге тай дәрігерлермен сөйлескен болатын. 1 маусым күні ауруханадан «азаматтарыңыз ауыр халде, жансақтау бөліміне түсті» деген қоңырау түсті. 

Біздің азаматтарымызға айтарым бір нәрсе ғана - жергілікті билік суға түспеу туралы хабарлама берсе, сол ережелерді сақтау қажет. Өйткені, 3 маусым күні тура сол жағажайда тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді. Екеуінің де мүрдесі Қазақстанға жеткізіледі. Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және мүрдені жеткізетін өзге де компаниялармен келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Айбек Смадияров қайтыс болған жігіт қалыңдығын құтқарамын деп суға түскен деген ресми ақпараттың болғанын растады.

«Бірақ, басында ешкім болған жоқ. Оны айта алмаймыз. Не болса да суға түспеу қажет. Өкінішке орай тай құтқарушыларының ақпаратына сәйкес, суға түспеуге қызыл жалау шығарылған күні ТМД азаматтары ережені бұзып суға түседі екен», - деді ол.

Бұған дейін, суға батып кеткен отандасымыздың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды