Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

LRT алғашқы екі құрамы Астанаға жеткізілді

LRT алғашқы екі құрамы Астанаға жеткізілді
Фото: CTS

Елордаға жеңіл рельсті көліктің алғашқы жылжымалы құрамы жеткізілді. Құрамдар арнайы жабдықталған автотралдармен әкелінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Олардың әрқайсысы төрт вагоннан тұрады. Вагондар Таншань қаласында (Қытай) шығарылды. Автокөлікпен жеткізу Қытай мен Қазақстан аумақтары арқылы өтетін, ұзындығы 5 300 км-ден асатын маршрут бойынша жүзеге асырылды. Бүкіл жол 10 күнге созылды. Автотрал платформаларына секцияларды тиеу тікелей өндіруші зауыттағы крандардың көмегімен жүзеге асырылды. Маршруттың барлық кезеңінде жүктердің бекітілуі мен қауіпсіздіктің қатаң шаралары қамтамасыз етілді.Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталған, ол келесі функцияларды қамтамасыз етеді: есіктердің автоматты түрде ашылып-жабылуы, тоқтау және жылдамдату, депоға кіру және шығу, құрамдардың жағдайын бақылау, сондай-ақ пойыздар арасындағы қашықтықты қадағалау.

Құрамдар толықтай автоматтандырылған, басқару жүйесі жүргізушісіз жүзеге асырылады және операторлар тарапынан үнемі бақылауда болады.Аталған құрамдарды өндіру барысында заманауи, жеңіл және берік материалдар қолданылды. Бұл шешім жолаушыларға қолайлы динамикалық сипаттамалар мен жоғары деңгейдегі акустикалық жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрамдардың жалпы техникалық параметрлері:- Ұзындығы – 59,97 м, ені – 2,8 м, биіктігі – 3,8 м;- Қуат көзі түрі: үшінші рельс, 750 В;- Сыйымдылығы: 600-ден астам жолаушы;- Ең жоғары жылдамдығы: 80 км/сағ;- Орташа пайдалану жылдамдығы: 39,5 км/сағ;- Салмағы: 94 т (жолаушыларсыз).Вагондарды сатып алу және тасымалдау EPC-келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылады, яғни жеке бюджеттік қаржыландыру бөлінбейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады