Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" принципі бойынша жұмысты жалғастыруда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері Бас прокуратураның бірінші қызметімен бірлесіп, өнеркәсіптік ауқымдағы есірткі зертханасын жойды. Есірткі өндірісі Талғарда орналасқан фермалардың бірінде ұйымдастырылды. Тінту кезінде 8 тоннадан астам прекурсор мен 100 кг дайын өнім, мефедрон тәркіленді. Осылайша жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын синтетиканың екі жүз мыңнан астам бір реттік дозасы заңсыз айналымға жіберілмеді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құралдарын дайындағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза барын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.Бүгін, 14:09
Алматы облысында заңсыз айналымнан 100 келі мефедрон тәркіленді

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз