Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық спортшылар Эколог күніне арналған экочелленджге қатысты

Астаналық спортшылар Эколог күніне арналған экочелленджге қатысты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Эколог күніне орай әлеуметтік желіде кең көлемді экологиялық челлендж басталды. Бұл бастаманы Астананың спортшылары, бапкерлері және спорт ұйымдарының қызметкерлері қолдап, өздері арқылы қоршаған ортаға қамқор болудың маңызын көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар әлеуметтік желіде #ЭкоБолашақ, #ТабиғатымБайлығым және #ТазаҚазақстан хештегтерімен жазбалар жариялап, өз оқырмандарын экологиялық акцияға қатысуға шақыруда. Мәселен, №7 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі секілді бірқатар спорт мектебінде ұжым мен спортшылар сенбілік өткізіп, спорт мекемесінің аумағын тазалады. Сонымен қатар муай-тай бөлімінің спортшылары жаттығу өткізетін «Алатау» спорт кешенінің маңайын тазартты. Кейбір спортшылар мен бапкерлер бұрын парктер мен скверлерде қоқыс жинап, қалдықтарды сұрыптап, ағаш отырғызып, басқа да экологиялық бастамаларға қатысқан сәттерінен фото және видео материалдарын жариялады. Спорт ұйымдарының қызметкерлері бөтелкелер мен банкілерді қалай тапсырып, бонус алуға болатыны туралы видеороликтер дайындады.

«Салауатты өмір салты мен табиғатқа қамқорлық – егіз ұғым. Біз, Астананың спортшылары, елорда тұрғындарын экочелленджге қосылып, табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырамыз. Қатысу үшін тек қоршаған ортаға деген қамқорлықты көрсететін фото немесе видеоны жариялап, көрсетілген хештегтерді қолдану жеткілікті», – деді челлендж қатысушылары.

Бұл бастама – елорда тұрғындары мен жас буын арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруды көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті