Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында мас күйде пойызға зақым келтірген азамат жауапқа тартылды

Ақмола облысында мас күйде пойызға зақым келтірген азамат жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының тұрғыны мас күйінде поездың тоқтау-кранын жұлып алып, апатты тоқтауына себеп болды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. 2025 жылдың 4 айында жолаушылар пойыздарында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды түсіріп алудың 273 фактісі тіркелді. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 254 факт, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 факт, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 8 факт.

Мәселен, өткен демалыс күндері Атбасар — Нұрлы-Жол бағыты бойынша келе жатқан электр пойызында 43 жастағы ер адамның мас күйінде тоқтату-кранын тартып жұлып алуы, жылжымалы құрамның апатты тоқтауына әкеп соқты. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірден екі бабы бойынша, яғни алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орынға масаң күйінде келгені, теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Көлік полицейлері жолаушылардың пойыздар мен вокзалдарда қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігіне баса назар аударады. Барлық құқық бұзушылықтар тіркеліп, заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады