Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Ақмола облысының әкімдігі "Отбасы банкпен" бірлесіп "Ақмола жастары" деп аталатын жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми сайты. 

Ведомствоның мәліметінше, таяуда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен "Отбасы банк" АҚ өкілдерімен кеңес өткен. Бұл ретте облыс әкімі өңір жастарын тұрғын үймен қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталған. Жиын барысында өңірде "Ақмола жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны белгілі болған. "Отбасы Банк" АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Алмат Нұрахметовтың айтуынша, бағдарламаның басты мақсаты - 35 жасқа дейінгі жастарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету.
"Бұл бағдарламаның бірегейлігі - барлық шарттарды жергілікті атқарушы органдар пысықтайды. Ең ұзақ мерзім - 19 жылға дейін, ең көп несие сомасы -15 миллион теңгеге дейін", - дейді Алмат Нұрахметов. 
Сондай-ақ "Отбасы Банк" өкілі несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз екенін, алғашқы жарна 10 пайыз болатынын атап өтті. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, бағдарлама пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Тұрғын үй ең алдымен Көкшетау қаласынан беріле бастайды.
"Өйткені жастардың басым бөлігі осында тұрады. Сондай-ақ жобаға жұмысшы мамандықтарда, денсаулық сақтау және білім беру салаларында жұмыс істейтіндерді қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын", - дейді Ермек Маржықпаев. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты