Астанада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында білім беру ұйымдарындағы балалардың қауіпсіздігіне арналған ауқымды форум өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форумды Сарайшық ауданының прокуратурасы мен әкімдігі Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырды.Іс-шараға педагогтер, ата-аналар, блогерлер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Форум аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшы-психологы Лола Шакимова, Joltap жобасының жетекшісі Дана Жүнісова, «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, елорда филиалының басшысы, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі, «Бала Толағай» қалалық федерациясының президенті Бекдайыр Күзембай, отбасылық психолог Марат Көшкінбаев, киберқауіпсіздік зерттеушісі Медет Төрин, сондай-ақ есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы сөз сөйледі.Іс-шара барысында қатысушылар балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, құқықбұзушылықтың алдын алуға және оқу орындарында қауіпсіз, салауатты орта қалыптастыруға бағытталған нақты оқиғалар мен практикалық мысалдарды талқылады.