Елордада қоғамдық орында кальян шегу фактісі анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасында қоғамдық орындарда — дәмханаларда, мейрамханаларда, демалыс орындарында және көшелерде кальян шегуге толық тыйым салынған. Осыған байланысты Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ойын-сауық орындарына рейд жүргізді. Тексеру барысында бірнеше мекемеде темекі өнімдері мен олардың баламаларын қоғамдық орындарда тұтынуға тыйым салатын заң талаптарының бұзылғаны анықталды. Заңбұзушылыққа жол берген мекемелерге әкімшілік айыппұл салынды. Атап айтқанда, ойын-сауық орындарының бірінде кальян шеккені үшін екі келушіге әкімшілік жаза қолданылды. Астана қаласының полиция департаменті ел тұрғындарын қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық орындарда тыйым салынған өнімдерді тұтынбауға шақырады. Мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Бүгін, 11:55
Елордада қоғамдық орында кальян шегу фактісі анықталды

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз