Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды

Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында болды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген. Қыз жол бойына жақын маңда тұрған әскери қызметшілерден көмек сұрады. Жағдай шұғыл әрекетті талап етті. Ұландықтар бірден іске кірісті. Аға лейтенант Бағлан Тәтей, лейтенант Әділет Мұратов және қатардағы жауынгер Даниял Сәрсенғалиев зардап шеккен қызды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

— Біз келген кезде қыздың жағдайы өте ауыр екені бірден байқалды. Ол теңселіп, әрең жүріп келе жатты. Біз оны жол жиегінен алып кетіп, жарақат алу қаупін болдырмауға тырыстық. Эпилепсия ұстамасына ұқсас жағдай болды: қолдары қалтырап, көзі бұлдырап тұрды. Біз оны бір қырынан жатқызып, басын ұстадық, есінен танып қалмауы үшін үнемі сөйлесіп отырдық. Ең бастысы – оның құлап, өзіне зақым келтіріп алуына жол бермеу еді, – дейді аға лейтенант Бағлан Тәтей.

Куәгерлердің айтуынша, қызда эпилепсия ұстамасының белгілері байқалған. Әскери қызметшілер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қызды қалалық ауруханаға жеткізді. Бұл оқиға Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің тек қоғамдық тәртіпті сақтап қана қоймай, төтенше жағдайларда азаматтардың сенімді қорғаны екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ұландықтар – қауіпсіздіктің кепілі. Олар күн сайынғы қызметімен ерлікке дайын екендерін дәлелдеп келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады