Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамыр күні демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
9 мамыр күні сағат 22:00-де отшашу екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және Атырау көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық оқ атылады. Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күнін мерекелеуге арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған. Олардың арасында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер, т.б. бар.Кеше, 10:42
Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз