Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Ұлы Отан соғысының ардагері Шаяхмет Қасымовқа арнап мемориалдық тақта орнатылды

Астанада Ұлы Отан соғысының ардагері Шаяхмет Қасымовқа арнап мемориалдық тақта орнатылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Астанада Ұлы Отан соғысының қатысушысы Шаяхмет Қасымовты еске алды. Ол өмір сүрген үйдің қасбетінде мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге оның туыстары, достары, көршілері, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ Байқоңыр ауданы әкімдігінің қызметкерлері жиналды.Шаяхмет Қасымов 1939 жылы Ақмола облысы Талапкер ауылынан Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Ол Ленинградты азат ету үшін шайқастарға қатысып, Балтық жағалауына дейін барды. Көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған. 1944 жылы сол көзін снаряд сынығы жаралап, Отанына капитан атағымен III топтағы мүгедек болып оралды.

«Менің әкем Жеңісті үйде қарсы алды, жараланғаннан кейін ол Ленинград ауруханасында емделді. Көру қабілетінің жоғалуы оның рухын түсірген жоқ. Ұлы мереке қарсаңында оның есімі мәңгілікке есте қалғаны біз үшін үлкен қуаныш. Біз оның ерлігін ешқашан ұмытпаймыз», – деді ардагердің қызы, білім беру үздігі Қалимаш Қасымова.

Соғыстан кейін Шаяхмет Қасымов өз өмірін педагогикаға арнады. Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді, Қорғалжын ауданы Қызылту ауылында мектеп директоры болды. Ардагер сегіз бала мен немере-шөберелерін өсіріп жеткізді. Оның аймақтағы білім беруді дамытуға және жастарға патриоттық тәрбие беруге қосқан үлесі әлі күнге дейін ел есінде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді