Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ҰОС ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды

Астанада ҰОС ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шара майдангер тұрған үйдің жанында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, ардагердің туыстары қатысты.Нәжікен Қапышев соғыс басталғанға дейін Целиноград ауданы Төңкеріс ауылында мұғалім болып еңбек еткен. Майданға 1942 жылы 114-ші атқыштар бригадасының құрамында аттанды. Смоленск, Витебск, Калининград облыстарын, Литва мен Шығыс Пруссияны азат етуге атсалысты. Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды. Ардагер ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды.

«Біздің әкеміз Жауынгерлік Қызыл Ту орденінің иегері, бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, екі Қызыл Жұлдыз орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Оның марапаттары оның ерлігін көрсетеді. Сол себепті біз оны мақтан тұтамыз», - деді ардагердің қызы Бақыт Қапышева.

Ресми бөлімнен кейін іс-шара гүл шоқтарын қоюмен жалғасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады