Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында полицейлер жанып жатқан көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды

Қарағанды облысында полицейлер жанып жатқан көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында полицейлер жанып жатқан көлікті сөндіріп, жарылыстың алдын алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

6 мамыр күні кешкі уақытта Қызылорда – Павлодар тасжолында, Ақтас ауылының бұрылысында болған төтенше жағдайдың соңы қайғылы оқиғаға айналуы мүмкін еді. Алайда Саран қаласының батыл полицейлері өздерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерімен адамдардың өмірін аман сақтап қалды. Сағат 23:00 шамасында Саран қалалық патрульдік полиция қызметкерлері – Бағлан Жүнісов пен Алихан Бақыш – кезекшілік барысында ГАЗель жүк көлігінің өртеніп жатқанын байқайды.

Көлік түркиялық азаматқа тиесілі болған. Ол жанармай бекетінің дәл жанында отқа оранған. Апаттан есеңгіреген жүргізуші мен жолаушы көліктен секіріп түсіп, көліктің кез келген сәтте жарылу қаупі алдында не істерін білмей сасқалақтаған. Уақытты босқа жоғалтпаған полиция қызметкерлері өрт қаупін бағалап, батыл шешім қабылдайды – олар жанып жатқан көлікті жанармай бекетінен алыстатып, жарылыс қатерінің алдын алды. Қауіпсіздік мақсатында тәртіп сақшылары көлікті екі жағынан итеріп, жол жиегіне дейін апарып, жағдайды бақылауға алады. Көп ұзамай оқиға орнына жеткен Саран қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы өртті толықтай сөндіруге көмектесті.

– Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет! Олар бізді де, айналамыздағы адамдарды да үлкен апаттан құтқарып қалды, – деп алғысын білдірді көлік жүргізушісі мен жолаушысы. 

Сарандық полицейлердің бұл ерлігі – олардың кәсіби даярлығы мен азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Қарағанды облысының полиция департаменті аталған қызметкерлердің әрекетін ерекше атап өтіп, алғыс білдіреді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді