Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандылық полицейлер жол үстінде отқа оранған көлікті жалыннан аман алып қалды

Қарағандылық полицейлер жол үстінде отқа оранған көлікті жалыннан аман алып қалды
Фото: бейне скриншот

Қарағандылық полицейлер жол үстінде отқа оранған көлікті жалыннан аман алып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

10 тамыз күні Қарағанды облысындағы белгілі ақпараттық агенттіктермен интернет желілерінде полиция қызметкерлерінің отқа оранған көлікті сөндіруге көмектесіп жатқан бейнежазбасы жарияланды.

– Таңертеңгілік уақытта қызметімізге кірісіп, өзімізге бекітілген аумаққа жұмысқа бара жатқанбыз. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтағанымызда алдымызда тұрған Reno автокөлігінің капотының астынан түтін шыққанын байқадық. Бірден мен, қасымдағы әріптестерім Сәулет Жамкенов, Мирас Әлкенов және Нұрлан Ақжановпен көлігімізден түсіп, отқа оранған көлікті сөндіруге жүгірдік. Көлік иесі сасқалақтап қалғандықтан ішінде отырып қалды. Біз жүргізушінің өмірі үшін қорқып кеттік. Капотын ашқанымызда маторы жанып жатты. Артынша бізге көмекке екінші экипаж келіп, барлығымыз отты сөндіріп, жұмысымызға кеттік, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкері Жаңбырбай Құттыбаев.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің көмек қолын созғаны желі қолданушылар тарапынан оң пікірлерге толасты.

– Біз ешқандай ерлік жасаған жоқпыз. Азаматтарға қол ұшын созу біздің міндетіміз, – дейді патрульдік полиция қызметкері Сәулет Жамкенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады