Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда патрульдік полицей жанып жатқан көлікті сөндірді

Алматыда патрульдік полицей жанып жатқан көлікті сөндірді
Фото: polisia.kz

Алматыда патрульдік полиция қызметкері жанып жатқан көлікті сөндіріп, төтенше жағдайдың алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерінің шапшаң және анық әрекеті қайғылы оқиғаны болдырмауға көмектесті. Патрульдік полиция полкінің инспекторы Азат Жұмабеков Панфилов пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында қызметте болды.

– Бірнеше метр жерде тұрақта тұрған Toyota көлігінен түтін шыға бастады. Бірнеше секунд ішінде мен өрт сөндіргішті алып, жанып жатқан көлікке қарай жүгірдім. Көліктің иесі жанында болды. Есік пен капотты ашып, өртті сөндіруге кірістік. Бұл адам көп шоғырланған аймақ. Абырой болғанда, өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шекпеді, өрт жақын жерде тұрған көліктерге де өтіп үлгермеді. Бірақ көліктің салоны толығымен дерлік жанып кетті. Темекі тұтандырғышқа қосылған телефон сымдарында қысқа тұйықталу орын алған болуы мүмкін, — дейді Жұмабеков.

Ал көлік иесі полиция қызметкеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

– Полицей еш ойланбастан өртті өте кәсіби түрде сөндірді. Оған алғысымды білдіремін, – деді Алматы қаласының тұрғыны.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді