Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мальдив аралдарында акула туристке шабуыл жасады

Мальдив аралдарында акула туристке шабуыл жасады
Фото: pixabay.com

Мальдив аралдарында демалып жүрген турист қыз акуланың шабуылына тап болды. Бұл оқиға танымал курорттардың бірінде снорклинг (трубкамен жүзу) экскурсиясы кезінде болған, - деп хабарлайды kazlenta.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккен қыз өз басынан өткен жағдайды желіде жариялаған видеосында баяндап берді. Видеоны мыңдаған адам көріп, қызу талқылап жатыр.

"Мальдивте акула тістеп алды. Бірден қауіп барын түсіндім – үлкен құйрықты скаттар жүзіп келді, ал акулалар алғашқыға қарағанда үш есе көбейді", – дейді ол.

Оның айтуынша, су тереңдігі бар болғаны 2,5–3 метр болған, ал айнала толған жыртқыштардан ешқайда қашып құтылу мүмкін болмаған. Суасты видеосын түсіріп жүрген сәтте бір акула оның бағытына кенет бұрыла кеткен.

"Судың бетімен жүзіп келе жаттым, камераны өзімнен сыртқа бұрған сәтте – акула маған қарай шап берді. Сол қолыммен оның тұмсығын итеріп үлгердім. Сол сәтте камера қолымнан түсіп кетті", – деп есіне алды турист.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді