Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұшақ Астана әуежайына қонар кезде құспен соқтығысты

Ұшақ Астана әуежайына қонар кезде құспен соқтығысты
Фото: pixabay.com

Қазақстандық әуекомпанияның ұшағы Астанаға қону кезінде құспен соқтығысты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

1 мамырда Шымкент – Астана бағыты бойынша жолаушылар ұшағы қону кезінде құспен соқтығысты. Оқиға рейстің соңғы кезеңінде, ұшақ Астана халықаралық әуежайына қонғалы жатқан сәтте болған.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, құстың ұшаққа соғылуы салдарынан әуе кемесінің бір бөлшегі зақымданған. Жедел техникалық тексеру жүргізіліп, зақымданған бөлшекті ауыстыру қажет болған.

"Шымкент – Астана рейсінің қонуы кезінде құспен соқтығысу жағдай болды. Зақымданған бөлшекті ауыстыруға байланысты Астана – Шымкент бағытының жолаушыларына қонақүйге орналастыру және әуежай терминалында тамақпен қамтамасыз ету шаралары жасалды", – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Компания жолаушылардың қауіпсіздігі басты басымдық екенін атап өтті. Сонымен қатар, әуекомпаниясы әуе кеңістігіндегі құстардың қозғалысына әсер ете алмайтынын ескертіп, мұндай тосын жағдайларға байланысты рейстер кестесіндегі өзгерістерге түсіністікпен қарауға шақырды.

"Компания құстардың қозғалысына әсер ете алмайды және осындай жағдайларға байланысты рейстердің кейінге шегерілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды. Жолаушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз", – деп қосты SCAT өкілдері.

Дереккөздерге сүйенсек, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ. Қону штаттық режимде өткен, ал барлық жолаушы кері рейстің кешігу себептері туралы дер кезінде хабардар етілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті