Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ЖІӨ-ге үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарлануда. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров бәсекелестіктің дамуын тежейтін кедергілерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады, бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген. 

Премьер-министр Жарлықтың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы керектігін баса айтты. Жұмыс бақылауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді