Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов авиаотын нарығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов авиаотын нарығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының авиаотын нарығын дамытуға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров авиаотынға баға белгілеу тетігін жетілдіру: атап айтқанда, авиаотынды көтерме және бөлшек сауда, оның ішінде әуежайлар арқылы өткізу тәсілдерін ұсынды.

Импортты алмастыруға назар аударылды. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобының өндірісі отандық әуе компаниялар мен мемлекеттік авиацияның авиаотынға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» деректеріне сүйенсек, 2031 жылға қарай «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің кеңейту нәтижесінде авиаотын өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға дейін артады.

Сонымен қатар әуежайларды қаржыландыру құрылымын өзгерту перспективалары талқыланды. Инфрақұрылымға қол жеткізудің сервистік моделін енгізу олардың авиаотыннан бақылауға алынбаған табыстарға тәуелділігін төмендетеді, сондай-ақ әуежай қызметтері саласының дамуына серпін береді. Осы бағытта әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуды ынталандыру үшін келісілген инвестициялық жобалары бар әуежайларға біржолғы кейінге қалдыруды ұсына отырып, Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде әзірленген Негізгі қуатқа қол жеткізу қағидаларын іске асыру мүмкіндігі қаралды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, көлік министрі Марат Қарабаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың және басқа да өкілдердің ұсыныстары тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады