Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда мереке қарсаңында жас азаматтар алғашқы жеке куәліктерін алды

Алматыда мереке қарсаңында жас азаматтар алғашқы жеке куәліктерін алды
Фото: Polisia.kz

Алматыда мереке қарсаңында жас азаматтар алғашқы жеке куәліктерін алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамыр мерекелері қарсаңында Алматы қаласының көші-қон қызметі “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік мекемесі және Жетісу ауданы әкімдігімен бірлесіп, 16 жастағы қала тұрғындарына алғашқы жеке куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімін ұйымдастырды. Шара халыққа қызмет көрсету орталығында жылы, мерекелік жағдайда өтті. Жас алматылықтарды мемлекеттік органдардың өкілдері құттықтап, азаматтарды уақытылы құжаттандырудың маңыздылығын атап өтті.

— 16 жаста жеке куәлік алу - азаматтық жауапкершілік жолындағы маңызды қадам. Құжат білім алуға, медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуге, жұмысқа орналасуға және қоғам өміріне қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналар мен заңды өкілдерді құжаттарын рәсімдеуді кешіктірмеуге шақырамыз. Жасөспірімдердің уақытында құжаттанбауы бірқатар қиындықтар мен шектеулерге әкелуі мүмкін, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бөлімінің бастығы Жанна Жақыпбаева. 

Шараны ұйымдастырушылар мұндай шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтуға септігін тигізетініне сенім білдірді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді