Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отандық денсаулық сақтауды дамыту және фармацевтика өндірісін локализациялау: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Отандық денсаулық сақтауды дамыту және фармацевтика өндірісін локализациялау: Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ Johnson&Johnson, Pfizer, AstraZeneca, Kazanada LLP, La Roche сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аталған міндеттің маңыздылығын ескере отырып, Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша барлық шараны қабылдауда. Біз инвестиция көлемін арттыруды, өндірісті локализациялауға, инвесторлардың қатысуымен жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға ниеттіміз. Кеңес аясындағы белсенді өзара іс-қимыл мен пікір алмасу еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту және іскерлік белсенділікті арттыру жөніндегі бірлескен күш-жігерімізге қосымша серпін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда ауылдық елді мекендерді және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді нығайтуға баса назар аудара отырып, медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жүргізілуде. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде медициналық 467 нысан салынды. Аудандардағы көпсалалы ауруханаларды түбегейлі жаңғырту жалғасуда.

Барлық процесті, соның ішінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен цифрландыру арқылы цифрлық шешімдер белсенді түрде қолданылуда. Ауруларды диагностикалау, дәрігерлер мен науқастар үшін дербестендірілген ЖИ-көмекшілерді пайдалану үшін жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы құрылуда, ол дәрігерлік мәліметтердің толықтығы мен сапасын бақылау арқылы 100% қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты