Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Астанада мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елорда аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға ерекше назар аударды. Рейдтік шаралар нәтижесінде 1700-ге жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталып, көлік құралын алкогольдік мас күйде басқарғаны үшін 18 жүргізуші ұсталды. Соның ішінде тәртіп сақшылары қала көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережелерін елемеген Toyota және Daewoo Nexia автокөліктердің жүргізушілерін тоқтатып, тексеріс жүргізді. 

Сараптама нәтижесі олардың мас күйінде болғанын көрсетті. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сот шешімімен аталған азаматтар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Полиция жол қозғалысына қатысушы әрбір азаматты тәртіпке бағынуға, көлік жүргізу кезінде барынша жауапкершілік танытуға, әсіресе мас күйде рөлге отырмауға шақырады. Себебі кез келген бейқамдық — адам өміріне қауіп төндіретінін естен шығармаған жөн.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты