Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте жалдамалы пәтерлерге өтінім қабылдау мерзімі қашан басталатыны белгілі болды

Шымкент жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерге өтінім қабылдау қашан басталатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Shymkent resmi сайты Instagram парақшасында хабарлады,-деп жазады Kazlenta.kz

Жергілікті сайттың мәліметінше, жастар бағдарламасына өтінім қабылдау 28 шілде сағат 09.00-бен 29 шілде сағат 19.00 аралығында жүргізіледі. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан. Бағдарлама талаптарына сәйкес, қатысушының тұрақты жұмысы болуы керек әрі жасы 29-ға толмаған болуы тиіс. Одан бөлек атында соңғы 2 жылда Қазақстан аумағында тіркелген тұрғын үй болмауы қажет, сонымен қатар ай сайынғы табысы 40 АЕК-тен (122 520 теңгеден) асуы шарт.

Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі төмендегідей: өтініш берушінің білімі туралы құжаттың көшірмесі; жұмыс орнынан анықтама; өтініш берушінің соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама яғни ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын анықтама; Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер); банктік шоттың нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді; өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Бағдарламаға қатысушылар "kezekte.kz" электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады