Алматы әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді іріктеудің қосымша кезеңі басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өтінімін түзету мүмкіндігі 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтінім берген, бірақ қателік немесе құжаттың толық болмауына байланысты мақұлданбаған азаматтарға беріледі.Өтініміңізді түзетуге рұқсат берілгенін тексеру үшін бағдарлама сайтының басты бетіндегі «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінен қарауға болады. Түзетулерді 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығында almaty-zhastary2024.kz сайтында енгізу қажет.Қосымша кеңесті мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 (727) 225 14 57.13-12-2024, 12:48
«Алматы жастарына» қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу басталды
Фото: pixabay.com
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз