Астанада 6 қарашада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысу шарттары туралы елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Бейсен Үсенов айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 12 қарашаға дейін жалғасады.
Өтінімдер qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.
9 қарашадағы жағдай бойынша 3370 өтінім келіп түсті. Биыл бағдарлама шарттарына мынадай өзгерістер енгізілді:
1) Бағдарламаға қатысушылардың жасы 29 жастан бастап 34 жасқа дейін ұлғайтылды;
2) жалға берілетін тұрғын үйді беру мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылған (депозит мерзімі бойынша «Отбасы банк» АҚ талаптарына сәйкес 3 жыл);
3) Астана қаласында кемінде соңғы 3 жыл тұрақты тіркеудің болуы (бұрын кемінде соңғы 2 (екі) жыл болған);
4) өтініш берушіде және отбасының барлық мүшесінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ соңғы 5 жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы (бұрын соңғы 2 жылда талап етілген).
«Бағдарлама 2019 жылы Мемлекет басшысының жастар жылының ашылуында берілген тапсырмасын іске асыру мақсатында бастау алғанын атап өткім келеді.
Бағдарлама жастарға жеке тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Жалдау мерзімі ішінде жалдамалы тұрғын үй алған жұмыс істейтін жастар кейіннен нарықта өз тұрғын үйлерін сатып алу үшін бастапқы жарнаға жинақ жүргізеді. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін босатылған тұрғын үй келесі үміткерлерге беріледі», - деді спикер.